Kaztechnology IEC Telecom компаниясымен бірлесіп Алматы – Маңғышлақ бағыты бойынша Starlink спутниктік интернетін іске қосты
Kaztechnology компаниясы IEC Telecom және «Жолаушылар тасымалы» АҚ-пен бірлесіп Алматы – Маңғышлақ бағыты бойынша жүретін Tulpar-Talgo пойыздарында Starlink спутниктік интернетін іске қосты. Жоба жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға және Қазақстандағы теміржол көлігінің цифрлық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.

2026 жылғы қаңтардан бастап жол жүру ұзақтығы 2 тәулік 6 сағат 10 минутты құрайтын Алматы – Маңғышлақ бағыты бойынша пойыздар тұрақты интернетпен қамтамасыз етілді. Жаңа шешім жолаушыларға бүкіл сапар бойы байланыста болуға, цифрлық сервистерді пайдалануға және ұзақ сапар кезінде барынша жайлы қызмет алуға мүмкіндік береді.
Жоба аясында пойыздарға алғаш рет нақты уақыт режимінде бақылау жүргізуге және арнайы қосымша арқылы бейнемұрағатқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін бейнебақылау жүйесі енгізілді. Деректерді қорғау заманауи ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар жолаушыларға vputi.kz мультимедиялық порталы қолжетімді, онда HD сапасындағы фильмдер, музыка және электронды кітаптар ұсынылған. Бұл жоба жолаушылар тасымалын цифрландыру және Қазақстан теміржол саласына озық халықаралық технологияларды енгізу жолындағы маңызды қадам болды.