Kaztechnology компаниясы Астанада өткен AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумында өзінің цифрлық шешімдерін ұсынды.
Компания SpaceX және IEC Telecom сияқты ойыншылармен жерсеріктік байланыс пен ЖИ-технологияларды талқылады
Отандық Kaztechnology компаниясы 1–3 қазан аралығында «EXPO» халықаралық көрме орталығында өткен AI & Digital Bridge 2026 халықаралық технологиялық форумына қатысты. Іс-шара IT-индустрияның негізгі өкілдерін, инвесторлар мен мемлекеттік қайраткерлерді Қазақстанды Eurasian AI Hub ретінде айқындау төңірегінде біріктірді.
Жеке стендінде Kaztechnology цифрлық инфрақұрылымды, телекоммуникациялық шешімдерді, жолаушылар көлігіне арналған сервистерді дамыту және жасанды интеллектіні қолдану саласындағы құзыреттіліктерін көрсетті.
Жерсеріктік байланысты дамыту және халықаралық келіссөздер
Көрме барысында компания үшін басты назар жерсеріктік және гибридті байланыс технологиялары саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды:
Kaztechnology өкілдері SpaceX өкілі Джейкоб Розенбергпен келіссөз жүргізді. Тараптар көлік артериялары мен шалғай өңірлерді тұрақты байланыспен қамтамасыз ету үшін жерсеріктік шешімдерді қолдану келешегін талқылады.
Компания OptiView жүйесін және шалғай орналасқан объектілерге арналған шешімдерді ұсынған тұрақты серіктесі – IEC Telecom Kazakhstan-мен жұмыс диалогын жалғастырды. Ұйымдар бірлесіп, ұялы байланыс желілері шектеулі теміржол көлігін жерсеріктік интернетпен қамтамасыз ету жобасын жүзеге асыруда.
Іскерлік бағдарламаға қатысу
Kaztechnology командасы форумның негізгі және пленарлық сессияларына белсенді қатысты. Бір алаңда Freedom Holding Corp. CEO-сы Тимур Турлов, DREAM президенті Себастиан Курц, Crimson Education негізін қалаушы Джейми Битон және Higgsfield AI бас директоры Александр Машрабов сөз сөйледі. Форумда ұсынылған цифрлық әзірлемелермен Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов та танысты.
«Біз үшін AI & Digital Bridge – жай ғана көрме емес, кәсіби диалогқа арналған басты майдан. Халықаралық серіктестік пен озық технологияларға қолжетімділік бүгінгі таңда Қазақстанның нақты инфрақұрылымдық жобаларында жұмыс істеп тұрған шешімдерді жасауға мүмкіндік береді», – Kaztechnology өкілдері көлікті цифрландыру және ЖИ-сервистерін енгізу пайымымен деп бөлісті.


